Ата-аналарға психолог кеңесі » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2022

Ата-аналарға психолог кеңесі

ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес

Құрметті ата-аналар!Психологиялық қолдау–балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруы-ның бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?

-  Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ   болыңыз                                                                      -Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз. 

-  Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз. 

-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.                                           -  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

-  ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

-  Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.

-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:·  Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына  сендіріңіз.·  Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.·  Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.·  Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.·  Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.·  Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.·  Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.·  Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.·  ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.