Педагог-психологтың есебі » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Педагог-психологтың есебі

Қыркүйек айында оқушылардың психологиялық, әлеуметтік  жағдайларымен хабардар болу мақсатында «Сенім жәшігі»,«Сенім чаты»,«Сенім қызметі» ұйым-дастырылдыОсы бағыттағы жұмыстар жыл бойы атқарылып келеді.            6.09.2021-ж. күні кәмелетке толмағандар арасында  өзіне өзі қол жұмсаудың ал-дын алу мақсатында жұмыс жоспары жасалынып, «Өмір өте қымбат, мен өмір-ді таңдаймын» атты мектепішілік  акциясы өткізілді. Акция барысында жоспар бойынша барлық жұмыстар уақыттылы өткізілді. Акцияға қатысқан оқушылар-дың көңіл-күйлерін көтеретін, өмірге деген оптимистік көзқарастарын оятатын тренингтер ұйымдастырылып, оқушылардан өмірді сүю, келешекке деген арман-дарын ортаға салатын эссе, сурет және өмір туралы видероликтер байқаулары өткізілді. Жылдық жоспар бойынша қыркүйектің 13-14 күндері 5-8-сынып оқу-шылары арасында ғаламтор және компьютерлік ойындарға тәуелділікті анықтау-ға арналған тест-сұрақшасы жүргізілді.

    Әдістеме қорытындысы бойынша интернетке және компьютерлік ойындарға тәуелділіктің ең жоғары дәрежесіне тап болған оқушы анықталмады. Әдістеме нәтижесі бойынша анықталған компьютерлік ойындарға және ғаламторға тәуел-діліктің жоғары дәрежесіндегі оқушымен сұхбаттасу, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Сұхбаттасу кезінде оқушыға ғаламтор және компьютерлік ойындардың адам жүйкесіне, ағзасына тигізетін кері әсерлері туралы кеңестер берілді.Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде 14.09.2021ж. күні 5-6сынып білім алушыларымен «Психикалық  денсаулығымыз туралы  сөйлесейік» тақы-рыбында сұхбаттасу жүргізілді. 

    Қараша айында 5-11-сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу мақсатында А.В.Захаровтың эмоциялық өзін-өзі бағалау әдістемесі жүргізілді.     Сауалнамаға 67 оқушы қатысты. Әдістеме нәтижесі бойынша анықталғаны:       5-11-сыныптар бойынша жалпы: Өзін-өзі бағалауы жоғары – 15 оқушы;  33 оқу-шы өзін-өзі қалыпты бағалайды. Өзін-өзі төмен бағалайтын 19 оқушы.

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының өзін өзі бағалауын анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі жүргізілді. Оған 2-4 сынып оқушыларынан 26 оқушы қатысты. Әдістеме нәтижесі төмендегідей бтолды. 

Жалпы 2-4 сынып оқушылары бойынша: Өзін-өзі бағалауы жоғары – 12 оқушы;  10 оқушы орташа; 1 оқушы өзін өзі  төмен деңгейде бағалайды.                                                                                                                     

 


   Зерттеу нәтижесі бойынша анықталған өзін-өзі бағалауы төмен оқушылармен өзіндік бағасын арттыруға арналған түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.              16-18 қараша күндері аралығында 6-11-сынып оқушылары арасында өзіне өзі қол жұмсау жағдайларының алдын алу бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. 

Сауалнама нәтижесін бағалау:Жиынтық балл саны  10-15 аралығында жасөспірімнің психологиясында ауытқушылық жоқ. (35 оқушы)Жиынтық балл саны  15-20 аралығында жасөспірім депрессияға ұшыраған.                       (20 оқушы – 10 қыз, 10 ер)                                                                                                                 Жиынтық балл саны   20-30 аралығында жасөспірімде суицидке бейімділік байқалады. (Анықталмады)


   Сауалнамаға 55 оқушы қатысты,қатысушылардың 27 – қыз, 28-і – ұл балалар. Сауалнамаға қатысушылардың жасы 11-17 аралығандағы жасөспірімдер. Жеңіл түрдегі күйзеліске тап болған оқушылардың саны – 20. Сауалнаманың нәтижесі бойынша күйзелісті жағдайға ұл балаларда, қыз балаларда бірдей (10) тап бол-ғаны анықталды. Оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатында олардың критерийлері анықталды. Суицидке бейім оқушы анықталмады.  Желтоқсан айында «Өмір өте қымбат» тақырыбында 8 оқушыға жекелей, 2 топ-тық психологиялық кеңес берілді. Мектебімізде «Тәуекел топ» балаларының болмауына байланысты коррекциялық жұмыс жүргізілмеді. Сонымен бірге әр айдың басында суицидтік әрекеттерге итермелейтін интернет сайттарға кірген оқушыларды анықтау  және алдын алу шаралары ұйымдастырылып тұрды.   Қыркүйек айында 4-5-сынып оқушыларының арасында «Әлем балалары бейбіт-шілікті қорғайды» сурет байқауы өткізіліп, оқушылардың еңбектері бағаланды. Қазан айында мектепішілік «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы бары-сында 5-8-сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ»,9-11-сы-ныптар арасында  жасөспірімдер арасындағы «буллинг», «Кибербуллинг» психи-калық денсаулықтың, репродуктивті денсаулықтың, ментальды денсаулықтың және тағы басқалардың бұзылуы туралы видеороликтер көрсетіліп, талқыланды. Сонымен бірге оқушыларға кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты және жас-өспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жадынама-лар таратылды.                                                                                                                               Қараша  айының 15-16-күндері аралығында жоспарға сай  6-11-сынып оқушыла-ры арасында  «Өз құқығыңды білесіңбе?» тақырыбында қылмыстық әрекет пен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған сауалнама алынды. Сауалнамаға барлығы 55 оқушы қатысты. Оның 30-ы ұл бала, 25-ы қыз бала.  Сауалнама қорытындысы бойынша мектепте ешқандай әлімжеттілік, зорлық-зомбылық фак-тілері болмағандығы анықталды. 

24.01.2022-ж. күні оқушыларға «Өзіңді қылмыскерлерден қалай қорғау керек?», 7.03.2022-ж. күні «Дау-жаңжалда өзіңді қалай ұстаған дұрыс?», 1.03.2022-ж. күні «Сен агрессияны қалай жеңесің?» тақырыптарында видеороликтер көрсетіліп, Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшама жүктелініп тұрды.