А.Құнанбаевтың 175 жылдығы » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Құнанбаевтың 175 жылдығы
15
апрель
2021

А.Құнанбаевтың 175 жылдығы

Қыркүйек айында 2020-2021 оқу жылында «Абай әлемі» клубы ашылып, жоспар құрылды. А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ағылшын тілі пәнінен «Abai's creativity» тақырыбындағы іс-шара бойынша жұмыс жоспары түзіліп, бекітілді.
Қашықтықтан «Абай өлеңдері» тақырыбында өлең айту іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған 11 сынып оқушылары Рашидинова Радмира және Якупжан Ясиман қатысып, «Күз» «Autumn»өлеңін мәнерлеп , жатқа орындады және әлеуметтік желілерге видеоролик ретінде кіргізілді.
Бұл өлеңінде жылдың төрт мезгілін суреттейтін басқа өлеңдер індегідей үлкен ақындық шеберлік таныта отырып, табиғат көріністеріне жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын мейлінше қарапайым нақтылы түрде, ешқандай көріктемей, әдейі әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу арқылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге елестетеді.

Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады.


У.Абдуманапова

Похожие публикации: