Педагог-психологтың құқықтары мен міндеттері » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Педагог-психологтың құқықтары мен міндеттері

1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009ж. №338, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.06.2003ж. №141 бұйрықтарымен бекітілген тарифтік-біліктілік сипаттамасы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2003ж. №119-л бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандары жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамасы, «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ережелері» (Әділет министрлігінде17.01.2012ж. №7380 тіркелген ҚР БҒМ 20.12.2011ж. №528 бұйрығы), мектептің ұжымдық келісім шарты, жарғысы негізінде жасалды.

1.2. Психологты мектеп директоры қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

1.3. Психологтың жоғарғы немесе орта кәсіби білімі болуы шарт, педагогикалық еңбек өтілінің болуы міндетті емес.

1.4. Психолог мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

1.5. Өз қызметінде психолог ҚР Конституциясын, заңдарын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғау ережелері, сондайақ мектеп жарғысын және жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін, лауазымдық нұсқаулықты), еңбек келісім шартын басшылыққа алады.

Психолог Бала құқықтары туралы Конвенцияны бұлжытпай орындайды.

2. Атқаратын қызметтері

Психологтың атқаратын қызметінің негізгі бағыттары:

2.1. Мектепте білім алушыларды психологиялық тұрғыда зерттеу.

2.2. Білім алушылардың психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Лауазымдық міндеттері

Психолог төмендегі лауазымдық міндеттерді атқарады:

3.1  Мектеп психологы  және мектеп   қызметкерлері  ұжымының ауызбірлігін және ұйымшылдықты сақтау мақсатында жұмыс істейді;

3.2 Өз жұмыстарында психология ғылымдарының  ғана ілімін пайдалану тиіс; /жаңашыл психодиогностика саласында, дамымалы, психокоррекциялы және профилактикалық жұмыстар бойынша/

3.3Психологиялық білім жетістіктерін білуге міндетті, өз жұмысын психология жетістіктерін  біле отырып ұйымдастырады;

3.4 Мектеп ұжымына және оқушыларға жұмыс барысында педагогикалық- психологиялық мүмкіндіктерді пайдалануға толық мүмкіндік беруге міндетті;

3.5 Мектеп ұжымының жұмысына , іс-әрекетіне динамикалық тұрғыда олардың өсуіне бақылау жасауға міндетті /қайталанған тест жұмыстарын жүргізуге, жұмыста және үйдегі іс әрекетіне анализ жасауға/

3.6 Қиын оқушылармен жұмыс жасауға міндетті;

3.7 Сыныптағы ұжымның микропсихологиялық зерттеуге міндетті;

3.8 Сынып жетекшілерге және ата-аналарға, пән мұғалімдеріне психологиялық кеңес беруге міндетті;

3.9 Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуге міндетті;

3.10 Денсаулығы нашар оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге міндетті;

3.11Әкімшілік  мүшелеріне арнайы кәсіптік тест жұмыстарын жүргізуге және сараптама жасауға және кеңес беруге міндетті;

3.12 Оқушылардың мұғалімдермен  ата-аналардың психологиялық сараптама жұмыстары бойынша ақпараттарды құпия сақтауға, мектеп  директорына ғана ақпарат  беруге міндетті;

3.13 Педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырыс, әдістемлеік кеңестерге қатысуға міндетті;

3.14 Мұғалімдердің сабақтарына, тәрбие сағаттарына, ата-аналар жиналысына аптасына екі күн қатысуға міндетті;

3.15 Мектеп қызметкерлер, ата-аналар, оқушылар арасындағы конфликтілі жағдайларды шешуге міндетті;

3.16Жұмыс уақыты:  таңғы  9.00-17.00 де аяқталады;

3.17 Мектеп психологі  мектеп директорына бағынады, жұмыс барысында есеп беруге міндетті;

3.18 Мектеп ұжымының психологиялық микроклиматын сақтауға;

3.19 Суицидті болдырмаудың, алдын алумен жұмыс;

3.20 Девианттық мінез-құлықты балаларды есепке алу, олармен тиісті жұмыс жасауға;

3.21 Сәтсіз жанұя балаларымен жұмыс;

3.22 «Қатер тобындағы» балалармен жұмыс жүргізу;

3.23 Аудандық білім бөлімінің бұйрықтарымен нұсқаулықтарын мүлтіксіз орындауға міндетті

3.24 1-11 сынып оқушыларының   психологиялық және    әлеуметтік  амандығын сақтауға бағытталған кәсиби қызметін жүзеге  асырады.


 3.25 Оқушылардың /тәрбиеленушілердің/ жас ерекшеліктері мен жеке білім   шығармашылығын, түзету бағдарламасын құруға және жоспарлауға    қатысады.

    3.26Әлеуметтік дезадаптацияның болуына байланысты алдын алу  шараларын   жасайды, факторларын анықтайды, оқушылардың жетілуіне  көмектесетін  әр түрлі психологиялық көмектер /психокорекциялық,    реабилитациялық  кеңес беру/ көрсетеді.

    3.27 Педагогтардың, ата-аналардың, әлеуметтік –психологиялық құзырын  жоғарлату үшін, психологияны практикада қолдану сұрақтары бойынша   педагогтарға кеңес береді.

    3.28 ҚР Конституциясын, РҚ «Білім туралы» даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогтық қолдану туралы,  «Бала құқығы туралы» заңдарды және басқа білім беру мекемесі жөнінде   нормативтік құқықтық актілерді: педагогика, психология және ерекшілікфизиология теориясын, мектеп гигиенасын, оқыту бағдарламасы мен  жоспарын, оқулықтарды, педагогикалық ғылымының негізгі  бағыттарының жетістіктерін еңбек заңнамаларын білуге міндетті.

    3.29 1-11 сынып ата-аналарымен, мектеп әкімшілігімен, педагогтармен    жұмыстар жүргізуге

   3.30  11-сынып оқушыларын ҰБТ ге дайындау бойынша жұмыстар жүргізуге

4. Құқықтары

Психолог құқылы:

4.1. Мектептің Жарғысымен белгіленген тәртіппен мектепті басқаруға қатысуға;

4.2. Шағымдармен, өз жұмысына баға берілген басқа да құжаттармен танысуға, осы бойынша түсініктеме беруге;

4.3. Оқыту, тәрбиелеудің әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды, білім алушыларды бағалау әдітерін еркін таңдап, пайдалануға;

4.4. Біліктілігін арттыруға;

4.5. Тиесілі біліктілік санатына ерікті түрде аттестацияланып, аттестациядан табысты өткен жағдайда тиесілі біліктілік санатын иемденуге;

4.6. Сабақ процесінде, үзіліс кезінде білім алушыларға сабақты ұйымдастыруға, тәртіп сақтауға қатысты міндетті бұйрықтар мен өкімдер беруге, Жарғымен,мектепте білім алушыларды көтермелеу және жаза салу туралы Ережелермен белгіленген жауапкершілікке тартуға.

5. Жауапкершілігі

5.1. Психолог білім бағдарламасының орындалу сапасы, сабақ процесіндегі білім алушылардың өмірі мен денсаулығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы бойынша ҚР заңнамасымен жауапкершілікке тартылады.

5.2. Жарғы және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мектеп директорының заңды өкімдерін және басқа да жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін себепсіз орындамаған және тиесілі орындамаған жағдайда психолог еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.3. Білім алушы тұлғаға физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетумен байланысты тәрбие беру әдістерін қолданғаны үшін, оның ішінде бір рет қолданғаны үшін де, сондай-ақ басқа да адамгершілікке жат істері үшін ҚР Еңбек кодексіне және ҚР-ның «Білім беру туралы» заңына сәйкес психолог қызметінен босатылуы мүмкін.

5.4. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқарумен (атқармауымен) байланысты мектепте немесе білім беру процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін психолог еңбек және (немесе) азаматтық заңнамамен белгіленген мөлшерде және тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылады.


6. Қарым-қатынастары. Лауазымдық бойынша байланыстары

Психолог:

6.1. Мектеп директоры бекіткен сабақ кестесіне сай өзіне белгіленген оқу жүктемесінің мөлшерін орындау, міндетті жоспарланған жалпы мектепішілік шараларға қатысу және міндетті қызметін мөлшерленбеген өзіндік жоспарлау режимінде жұмыс жасайды;

6.2. Әрбір жаңа оқу жылындағы және әрбір оқу тоқсанындағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жоспарланған кезең басталғаннан күннен бастап бес күннен кешіктірмей жұмыс жоспарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекіттіреді;

6.3. Әрбір оқу тоқсанының аяғында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына атқарған жұмысы туралы 5 беттен артық емес жазбаша есебін береді;

6.4. Мектеп директорынан және оның орынбасарларынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпараттатды алып, отырады, тиесілі құжаттармен танысып, қолын қояды;

6.5. Оқытушылармен, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тығыз байланыста жұмыс жасайды; мектеп әкімшілігмен, педагогтарымен өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасады.


Білуі тиіс:

ҚР-ның Конституциясын, ҚР-ның «Білім туралы», ҚР «Тіл туралы», ҚР «Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», ҚР «Мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және педагогикалық-медициналық түзеуді қолдану туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы» заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілерді; тәрбие жұмыстарының әдістемесін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту тәсілдерін және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; білім берудің және педагогика ғылымының негізгі бағыттары мен даму болашағын; құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, педагогика мен психология негіздерін;  білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; педагогиканы; педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін; экономиканың, еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және өрттен қорғанудың ережелерін; тазалық ережелерін.