әлеуметтік педагогтың есебі » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2022

әлеуметтік педагогтың есебі

2020-2021 оқу жылына әлеуметтік педагог жұмысына SWOT талдау
Күшті жақтары 
-«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының бір жыл бойы жалғасын табуы,әр ай сайын қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуы.
-«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 2020-2021 оқу жылында қаңтар  және  тамыз айлары арасында 49 оқушыға 324100 теңгелік демеушілер тарапынан көмек көрсетілді
-Қала сыртындағы «Балдаурен-Қапшағай» сауықтыру лагеріне көп балалы екі отбасы баласы     демалды.
-Қала сыртындағы Алматы  қаласындағы «Алматы-Алматау» сауықтыру лагерінде  аз қамтылған, күнкөріс деңгейі төмен 4 оқушы  демалды.
-Аудан әкімінің шыршасында  мектебіміздің  көп балалы және аз қамтылған 2 оқушыға сыйлықтар берілді.
-Оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты көп балалы алты отбасы баласына  Республика есебінен келген 6 ноутбук  ата-ана мен мектеп арасында  келісім шартқа отырып тарқатылды. Аз қамтылған /МАӘК/ алатын 2 оқушыға Республика есебінен 2 планшет, бір оқушыға 1 компьютер ата-ана мен мектеп келісім шартқа отырып таратылды.
-Төмен отбасынан шыққан балаларды сондай-ақ материалдық көмек көрсетуге мұқтаж және әлеуметтік себепетер бойынша сабаққа қатыспай жүрген оқушыларға мектеп әкімшілігімен  және сынып жетекшілермен бірлесе тұрақты түрде рейд жұмыстарының ұйымдастырылуы;
-ЖБББ есебі қорынан бөлінген  ақшаға аз қамтылған /МАӘК/ алатын және күнкөріс деңгейі төмен 13 оқушыға қыстық киім кешек және спорттық киім, мектеп формасы тарқатылды.
-Мемлекеттік атаулы көмек алатын 5 оқушыға 2021 оқу жылының  желтоқсан айында спорттық киім, спорттық аяқ киім және оқу құралдары таратылды.
-Аз қамтылған /МАӘК/ алатын және күнкөріс деңгейі төмен 13 оқушы 13500 теңгелік ақшалай көмекпен қамтамасыз етілді.
Әлсіз жақтары 
-«Мектепке жол» қайрымдылық акциясына демеушілердің аз тартылуы.
-Қала сыртындағы сауықтыру лагеріне әлеуметтік топтағы балалардың көп бара алмауы сынып жетекшілердің жеткілікті дәрежеде жұмыс атқармауы.
-«Балаларды қорғау» бұрыштарының ұйымдастырылмауы.
-«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өтілу барысы туралы мектептің әлеуметтік желілеріне жариялануының төмендігі;
-Әлеуметтік топтағы отбасы балаларының мектептегі ақысыз үйірмелерге көптеп тартылмауы;
Мүмкіндіктері 
- Қайырымдылық акцияларына іс-шаралар жоспарын түзіп, жоспар бойынша нақты жұмыстар ұйымдастыру арқылы әлеуметтік топтағы балаларға демеушілер табу, көмек көрсету, қолдау көрсету;
-Әлеуметтік топтағы отбасы балаларын демеушілер есебінен, сауықтыру лагеріне жіберу;
-«Балаларды қорғау» бұрыштарын ұйымдастыру арқылы балаларға өз құқықтарын меңгерту;
Қауып қатері
-Әлеуметтік топтағы балалардың керекті     заттар мен киім кешек пен толық қамтамасыз етілмеу себебінен өзін-өзі бағалауының төмендеу;
-Әлеуметтік топтағы балалардың әртүрлі күйзеліске түсуі;
-Әлеуметтік топтағы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланбау себебінен, әртүрлі жағдайларға тап болуы;
Ұсыныс:
2020-2021 оқу жылында  жұмыс барысында жіберілген  кемшіліктерді алға қоя отырып, 2021-2022 оқу жылына мынандай мақсаттар алынды
1.«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына демеушілерді көптеп тарту, демеушілерді тарту үшін сынып жетекшілермен  жүйелі жұмыстар атқару;
2. «Мектепке жол» акциясының  өтілу барысы   туралы мақалаларды баспа беттерге көптеп жариялау.
3 .«Мектепке жол» акциясының өтілу барысын мектептің әлеуметтік желілеріне жүктеу
4. «Балаларды қорғау» бұрыштарын көптеп ұйымдастыру;
5. Әлеуметтік топтағы отбасы балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр түрлі секцияларға тарту;
Әлеуметтік педагог           К.Бекбосунова