Хаттама 20 қаңтар » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2022

Хаттама 20 қаңтар

                                                                       Хаттама №
  Ұйғыр ауданының білім бөлімінің  "Добын орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   2021  оқу жылында 02 – маусым күні   қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің санитарлық режимдерді сақтай  отырып жиналысы ұйымдастырылды.
Қатысуы керек :9
1.Турсунова Арзигуль Абдимажитовна-Әйелдер кеңесінің мүшесі
2.Кебиров Турсунжан Сабиржанович- Жеке кәсіпкер
3.Турдиев Сайдалим Анварович-Дардамты ауылдық округінің бас маманы
4.Палтахунов Нурмухаммат-Жеке кәсіпкер
5.Тохтахунов Саип               -жеке кәсіпкер
6.Рахманова Айнурям          -жеке кәсіпкер
7.Розахунов АзизжанАмзахунович-Ауыл басшысы
8.Хужаев Рафаэль   Нариманович-жеке кәсіпкер
9.Хамраева Кенжа Момнахуновна
Қатысты:9
Қатыспады:0
Себепті:0
Себепсіз:0
Күн тәртібінде:
  1. 2021 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен бөлінген 393011 /үш жүз тоқсан үш мың он бір теңге/ қаржы есебінен мектептегі аз қамтылған және күнкөріс деңгейі төмен отбасы балаларына   қыстық киім -кешекпен қамтамасыз ету.
      Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің төрағасы А.Турсунова отырысты    ашып, қамқоршылық кеңесінің мүшелерін күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.
    Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Турсунова қамқоршылық мүшелеріне жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 393011 теңге бөлінгенін және ол   қаржыға    мектептегі аз қамтылған және күнкөріс деңгейі төмен отбасы балаларын қыстық киім-кешекпен қамтамасыз ету керек екенін айтып өтті. Сонымен қатар ата-аналарының жазған өтініштеріне тоқталды.Қыстық киім-кешек  алу үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын  сегіз  оқушының   ата-аналарының жазған өтініші және күнкөріс деңгейі төмен  сегіз оқушының ата-аналарының жазған өтініштеріне тоқталды.
  Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Рахманова Айнурям сөз алып  күнкөіс деңгейі төмен отбасы Конбакиева Раниямның жағдайына тоқталды.
    Конбакиева Раниям пәтер жалдап тұрады,   баспанасы жоқ, көп балалы, үш баласы мектепте оқиды, үш жасқа толмаған баласы бар. Еш жерден кірім кірмейді, тек қана мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақы мен ғана күн көреді. Күйеуімен заңды түрде ажырасқан, күйеуі ешқандай алимент төлемейтінін атап өтті. 
     Келесі сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кебиров Турсунжан алып Рысбаева Ақмаралдың жағдайына тоқталды.
     Рысбаева Ақмарал көп балалы ана, өзі де күйеуі де жұмыссыз. Төрт баласы мектепте оқиды деп атап айтты.Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмағаны себебі,үйде қарт анасымен бірге тұратыны, анасы сырқат болғандықтан Рысбаева Ақмаралдан басқа күтушісі жоқ екенін атап көрсетті. 
   Келесі сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі А.Розахунов алып Сопамова Руқиямның  жағдайына тоқталды.
   Сопамова Руқиям   туыстық қатынасы бар Усманжанова Махирямның баласы Искандеров Арманжанды асырап отыр.Сопамова Руқиямның күйеуі ғана жұмыс істейді.Өзі денсаулығына байланысты жұмыссыз үйде отыр.
  Атаулы көмек алатын  және күнкөріс деңгейі төмен оқушыларының ата-аналарының жазған өтініштері Қамқоршылық кеңесінің мүшелері тарапынан қаралып,жалпыға бірдей білім беру  қоры есебінен бөлінген қаржы есебінен, қыстық киім-кешек  алу үшін атаулы әлеуметтік  көмек алатын сегіз оқушының, күнкөріс деңгейі төмен  сегіз оқушының тізімдері бекітілді.Осы оқушылардың құжаттарын жинау, реттеу әлеуметтік педагог К.Бекбосуноваға жүктелді.
Шешім:
1/  2021 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен бөлінген 393011 теңге қаржы орынды жұмсалсын.
2/    Жалпыға бірдей  білім беру қоры есебінен бөлінген  қаржы есебінен   қыстық киім-кешек алу үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын сегіз оқушының күнкөріс деңгейі төмен сегіз оқушының тізімдері бекітілсін (№1, №2 қосымша)
3/ Осы оқушылардың құжаттарын реттеу, жинастыру әлеуметтік педагог К.Бекбосунова жүктелсін.
       Қамқоршылық кеңесінің төрағасы            А.Турсунова

                                                                    Хаттама №
  Ұйғыр ауданының білім бөлімінің  "Добын орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   2021   оқу жылында 4 – қазан   күні    қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің санитарлық режимдерді сақтай  отырып жиналысы ұйымдастырылды.
Қатысуы керек :9
1.Турсунова Арзигуль Абдимажитовна-Әйелдер кеңесінің мүшесі
2.Кебиров Турсунжан Сабиржанович- Жеке кәсіпкер
3.Турдиев Сайдалим Анварович-Дардамты ауылдық округінің бас маманы
4.Палтахунов Нурмухаммат-Жеке кәсіпкер
5.Тохтахунов Саип               -жеке кәсіпкер
6.Рахманова Айнурям          -жеке кәсіпкер
7.Розахунов АзизжанАмзахунович-Ауыл басшысы
8.Хужаев Рафаэль   Нариманович-жеке кәсіпкер
9.Хамраева Кенжа Момнахуновна
Қатысты:9
Қатыспады:0
Себепті:0
Себепсіз:0
Күн тәртібінде:
  1. 2021-2022 оқу жылының қазан айында   келіп түскен  өтініш негізінде күнкөріс деңгейі төмен МАӘК алмайтын отбасы балаларын анықтау,  және оларды тізімге қосу.
      Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің төрағасы А.Турсунова отырысты    ашып, қамқоршылық кеңесінің мүшелерін күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.
    Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Турсунова 
қамқоршылық мүшелеріне  2021-2022 оқу жылында  толық емес отбасы балалары 4-сынып оқушысы Тоққожа Жақсылық  және 7-сынып оқушысы Тоққожа Қарақаттың анасынан өтініш келіп түскенін, оларды күнкөріс деңгейі төмен, МАӘК алмайтын отбасылар қатарына  тізімге қосу керектігін айтып өтті.Сонымен қатар әлеуметтік педагогтың және сынып жетекшісінің   үйлеріне барып жасаған зерттеу АКТілеріне және  сол отбасы мүшелерінің тұрмыстық жағдайы туралы жазылған анықтамаларына тоқталып өтті.
 Алғашқы сөз кезегін мектептің әлеуметтік педагогы К.Бекбосунова алып,Байгалиева Ақмаралдың жағдайына тоқталды. 
  Байгалиева Ақмарал  күйеуі Тажиев Серік Тоққожаевич пен заңды түрде ажырасқан. Добын ауылына қыркүйек айынан бастап көшіп келген. Байгалиева Ақмаралдың кәмелет жасқа томаған екі баласы 4-сыныпта оқитын Тоққожа Жақсылық және 7-сыныпта оқитын Тоққожа Қарақат атты балалары бар.Балалары қазіргі таңда өгей әкемен бірге тұрады. Байгалиева Ақмарал мемлекет тарапынан ешқандай   көмек алмайды.Заңды түрде ажырасқан күйеуі  алимент төлемейді,-деп түсіндіріп айтып өтті.
   Келесі сөз кезегін  Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кебиров Турсунжан   алып  Байгалиева Ақмаралдың кәмелет жасына толмаған балаларын,күнкөріс деңгейі төмен отбасы балалар қатарына қосу керектігін, осы оқушыларды қыстық киім кешекпен қамтамсыз ету үшін демеушілерді тарту жұмыстарын айтып өтті. Қамқоршылық кеңесінің қалған мүшелері бір ауыздан Кебиров Турсунжанның сөзіне қосылды.
Осы оқушылардың құжаттарын жинау,реттеу әлеуметтік К.Бекбосуноваға жүктелді.
Шешім:
1/ 2021-2022 оқу жылында күнкөріс деңгейі төмен МАӘК алмайтын  отбасы балалары қатарына 4-сынып оқушысы Тоққожа Жақсылық және 7 сынып оқушысы Тоққожа Қарақаттың    тізімдері бекітілсін ,жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен  бөлінген қаржы есебінен қыстық киім-кешек алу үшін, қаржылай көмек алуға тізімдері енгізілсін.  
2/ Осы оқушылардың құжаттарын реттеу, жинастыру әлеуметтік педагог К.Бекбосуноваға  жүктелсін.
             Қамқоршылық кеңесінің төрағасы               А.Турсунова
Хаттама №
  Ұйғыр ауданының білім бөлімінің  "Добын орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   2022  оқу жылының   20 –қаңтар   күні   қамқоршылық кеңесі мүшелерінің санитарлық режимді сақтай  отырып жиналысы ұйымдастырылды.
Қатысуы керек :9
1.Турсунова Арзигуль Абдимажитовна-Әйелдер кеңесінің мүшесі
2.Кебиров Турсунжан Сабиржанович- Жеке кәсіпкер
3.Турдиев Сайдалим Анварович-Дардамты ауылдық округінің бас маманы
4.Палтахунов Нурмухаммат-Жеке кәсіпкер
5.Тохтахунов Саип               -жеке кәсіпкер
6.Рахманова Айнурям          -жеке кәсіпкер
7.Розахунов АзизжанАмзахунович-Ауыл басшысы
8.Хужаев Рафаэль   Нариманович-жеке кәсіпкер
9.Хамраева Кенжа Момнахуновна
Қатысты:9
Қатыспады:0
Себепті:0
Себепсіз:0
Күн тәртібінде:
  1. 2022 оқу жылының қаңтар айында ата-аналар тарапынан келіп түскен  өтініштер   негізінде күнкөріс деңгейі төмен МАӘК алмайтын отбасы балаларын анықтау,  және оларды тізімге қосу.
      Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің төрағасы А.Турсунова отырысты    ашып, қамқоршылық кеңесінің мүшелерін күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.
   Бірінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы К.Бекбосунова қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне мектептің  әлеуметтік паспортын таныстырып шықты.Әлеуметтік тізім таныстырылғаннан кейін  қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Турсунова  қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне  2022 оқу жылының қаңтар айында ата-аналар  өтініш келіп түскенін, оларды күнкөріс деңгейі төмен, МАӘК алмайтын отбасылар қатарына  тізімге қосу керектігін айтып өтті.Сонымен қатар әлеуметтік педагогтың және сынып жетекшісінің   үйлеріне барып жасаған зерттеу АКТілеріне және  сол отбасы мүшелерінің тұрмыстық жағдайы туралы жазылған анықтамаларына тоқталып өтті.Жазылған анықтамалар мен  тұрмыстық жағдайын зерттеу АКТілері қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне таныстырлды.
 Алғашқы сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кебиров Турсунжан алып 
   Келесі сөз кезегін  Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кебиров Турсунжан   алып  Аширова Гульнарамның жағдайына тоқталып өтті.
Аширова Гульнарам Туглукжановна  көп балалы ана. Күйеуі Абдукаримов Дилмураттың тұрақты жұмысы жоқ.2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап  жан басына  шаққандағы табысы артылып кеткендіктен, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар тізімінен шығарылған. Аширова Гульнарамға еш жерден кірім кірмейді. Өзі бала күтіміне байланысты жұмыссыз үйде отыр.  Отбасы жағдайы орташа. Сол үшін Аширова Гульнарамның кәмелет жасына толмаған қызы 6-сынып оқушысы Дилмуратова Дилрабаны күнкөріс деңгейі төмен отбасылар қатарына тізімін енгізуді құптады.
  Сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің  мүшесі Рахманова Айнурям алып,Режапова Турабувидің жағдайына тоқталып өтті.
     Режапова Турабуви  жалғыз басты ана.Тұрақты жұмысы жоқ.Режапова Турабувиге еш жерден кірім кірмейді.Үйдегі қарт әкесіне қарайтын ешім болмағандықтан,Режапова Турабуви тұрақты жұмыс істей алмайды. Кәмелет жасына ұлына толмаған ұлы 7-сынып оқушысы Режапов Саидты күнкөріс деңгейі төмен отбасылар қатарына тізімін енгізуді құптады.
   Сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі Тохтахунов Саип алып, Махсутова Ризванбувидің жағдайына тоқталды.Махсутова Ризванбуви жалғыз басты ана басында үйі жоқ.Күйеуімен заңды түрде ажырасқан.Күйеуі ешқандай алимент төлемейді. Кәмелет жасына ұлына толмаған қызы 7-сынып оқушысы Султанова Сабринаны күнкөріс деңгейі төмен отбасылар қатарына тізімін енгізуді құптады.
     Сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі Хужаев Рафаэл алып Алгожаева Жанеркенің жағдайына тоқталып өтті.Алгожаева Жанеркеге еш  жерден кірім кірмейді.Күйеуі Тлеубаев Ермектің тұрақты жұмысы жоқ.Жалдамалы жұмыс жасайды.Малы жоқ. Отбасының әлеуметтік жағдайы орташа. Кәмелет жасына ұлына толмаған қызы 7-сынып оқушысы Сыдықжан Елнурды  күнкөріс деңгейі төмен отбасылар қатарына тізімін енгізуді құптады.
  Сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі Хамраева Кенжа алып,Абдрахманова Рехангульдың жағдайына тоқтады.Абдрахманова Рехангуль жалғыз басты ана.Еш жерден кірім кірмейді.Екінші рет тұрмыс құрған. Қазіргі таңда Кеңесте тұрады. Кәмелет жасына толмаған ұлы Абдрахманов Мурадил атасымен үйде жалғыз тұрады. Кәмелет жасына ұлына толмаған ұлы  9-сынып оқушысы Абдрахманов Мурадилды күнкөріс деңгейі төмен отбасылар қатарына тізімін енгізуді құптады.
  Келесі сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің мүшесі Розахунов Азизжан алып Имирова Мадинамның жағдайына тоқталып өтті.Имирова Мадинамға еш жерден кірім кірмейді.Күйеуі екеуінің тұрақты жұмысы жоқ.Жағдайы орташа.
Кәмелет жасына ұлына толмаған ұлы   9-сынып оқушысы Абдулов Каримды   күнкөріс деңгейі төмен отбасылар қатарына тізімін енгізуді құптады.
  Осы оқушылардың құжаттарын жинау,реттеу әлеуметтік педагог К.Бекбосуноваға жүктелді.
Шешім:
1/ 2022 оқу жылында күнкөріс деңгейі төмен МАӘК алмайтын  отбасы балалары қатарына өтініш келіп түскен оқушылардың  тізімдері бекітілсін,
/№1 қосымша/ жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен  бөлінген қаржы есебінен қыстық киім-кешек алу үшін, қаржылай көмек алуға тізімдері енгізілсін.  
2/ Осы оқушылардың құжаттарын реттеу, жинастыру әлеуметтік педагог К.Бекбосуноваға  жүктелсін.
             Қамқоршылық кеңесінің төрағасы               А.Турсунова