Жамбыл Жабаевтың туғанына -175 жыл » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2022

Жамбыл Жабаевтың туғанына -175 жыл

Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің  "Добын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2021-2022 оқу жылында 22- қазан күні Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай 5-6-7 сынып оқушылары арасында «Мен Жамбылды оқимын» тақырыбында челендж ұйымдастырылды.


Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған  челенджді педагог-ұйымдастырушы Г. Аблесенова  ақынның  «Белсенділерге» тақырыбындағы өлеңімен бастады. Челендж 6- сынып оқушысы Д. Нариманова жолдады. Д. Нариманова челенджді қабылдап алып Ж. Жабаевтың «Тоқтағулға» деген өлеңін оқып, челенджді жалғастырып 6- сынып оқушысы Ш.Селимбаеваға  жолдады. Ш. Селимбаева                  «Қалиға» өлеңін оқып ары қарай мектептегі басқа оқушыларға жолдады.Мектеп оқушылары  Жамбыл Жабаевтың «Сыртанға», «Ленин мовзолейінде», «Сарыбайға», «Ленинграддық өренім», «Өсиет», «Зілді бұйрық» тағы басқа  өлеңдерін челендж барысында  айтып шықты.

  

Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.