1-қазан қариялар күні » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2022

1-қазан қариялар күні

Анықтама

         Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің  "Добын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2021-2022 оқу жылының 27 – қыркүйек 1-қазан қариялар күніне орай іс-шаралар жоспары жасалынып,  5-6 сынып оқушылары мен дайындық жұмыстары жүргізілді.        

 1-қазан күні мектеп директоры ауыл қарияларын құттықтау үшін                    Х. Малыбаева, педагог-ұйымдастырушы Г. Аблесенова, 5-6 сынып оқушыларымен бірге санитарлық режімді сақтай отырып  үйлеріне барып қайтты. Ауыл ақсақалы Т.Режапов, ақсақалдар кеңесінің төрағасы                 С. Тохтахунов, әйелдер кеңесінің төрайымы  Г. Гожаева, ақ жаулықты ана А.Тлеубаева, А. Кибирова, Ә. Рахманова, Б. Бишаровалардың үйлеріне барып,.құттықтап жылы лебіздерін білдіріп ата-әжелерге арналған өлеңдерінен  шашу шашты.  Мектеп директоры  Х. Малыбаева  сөз алып ата-әжелерді  мересімен құттықтап, мектеп ұжымы тарапынан дайындалған гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады. 

Ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер  мерекесімен құттықтап, өздеріне көрсетілген сый құрметке өз ризашылықтарын  білдіріп, оқуда озат болуына ақ  батасын берді.

Құттықтауға барған оқушылар да өте риза болып, қуанып қайтты.






Қариялар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар мектептің және ауданның әлеуметтік желілеріне орналастырылды.