Директордың методикалық істері бойынша орынбасары » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың методикалық істері бойынша орынбасары
31
март
2022

Директордың методикалық істері бойынша орынбасары

                                               


                 Мен Зеруллаева  Гульнарам   Хелилламовна  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сұңқар ауылында    1978-жылы 13-қарашада дүниеге келдім. 

1985-жыл аталмыш мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1995-жылы мектеп қабырғасынан түлеп ұштым. 

      1997-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің химия факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 2001 жылы оқу орнын бітірдім.

      2001 жылы Добын ауылындағы Добын орта мектебіне химия пәнінің мұғалімі болып  жұмысқа орналастым.

      2007-2009 жылда аралығында  Алматы қалалық қыздар институтында бейнелеу өнері және сызу факультетінің  сырттай бөлімінде оқыдым.

2007 –жылдан бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша сабақ бердім.  

2010-2011 жылдары  педагог-ұйымдастырушы қызметін атқардым.

      2018-жылдан  бері директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып сайланып, осы уақытқа дейін директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

     Жанұям бар.Күйеуім Арсуллаев Рашид Шеруллаевич жеке негізгі қызметкер. Екі ұл, екі қызым бар.Үлкен қызым Шеруллаева Қәлбинур Рашидқызы - 19 жаста. «Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы» нда  юриспруденция факультетінің 2 курс студенті. Ұлым Шеруллаев Луптулла Рашидұлы-16 жаста. «Алматы облыстық жаңашаландырылған тамақтандыру технологиясы» колледжінің 1-курс студенті. Қызым Шерулла Ләйлинур Рашидқызы Добын орта мектебінің 7«а»-сыныбында оқиды. Ұлым Арсуллаев Ифрат Рашидұлы - 8 жаста. Аталған мектептің 2-сыныбында оқиды.  Мекен-жайым Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Добын ауылы, Жаппаров көшесі № 11