Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
30
март
2022

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары




Өмірбаян


          Мен Насырова Торхан Сулеймановна  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Добын ауылында 1978 - жылы  16 - қарашада дүниеге келдім. 1986 - жыл аталмыш мектептің 1 - сыныбына қабылданып, 1996 - жылы мектеп қабырғасынан түлеп ұштым. 

      1996 - жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті филология   факультетінің ұйғыр тілі мен әдебиеті және тарих бөліміне оқуға түсіп,         2000 жылы оқу орнын бітірдім.

      2000 жылы туған жерім Добын ауылындағы Добын орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып, жұмысқа орналастым.

      2006 - жылдан   2010 жылға дейін педагог-ұйымдастырушы қызметін атқардым.

      2010 - жылдан  бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып сайланып, осы уақытқа дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

     Жанұям бар. Күйеуім Рахманов Аманжан жеке негізгі қызметкер. Екі ұл, үш қызым бар. Үлкен ұлым Аманжанов Арзум - 19 жаста. "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" КеАҚ, Педиатрия мектебінің 2 курс студенті. Қызым Аманжанова Юлтузай -17 жаста. Добын орта мектебінің 11-сыныбында оқиды. Ұлым Аманжанұлы Артем - 11 жаста.

Аталмыш мектептің 5-сынып оқушысы. Қызым Аманжанқызы Гөзәлай - 7 жаста. Аталған мектептің 2-сыныбында оқиды. Аманжанқызы Аделя - 6 жас. Мектепалды дайындық тобында оқийды. Мекен жайым Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Добын ауылы, Тохтибакиев көшесі №4.