Анықтамалар » Добын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Добын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 56-1-41
Есепші бөлімі:
+7(72778) 56-1-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022

Анықтамалар

Анықтама 

  Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша  білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Добын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2021 оқу жылының    қыркүйек күні  1-4   сынып оқушыларына «Балалар әлемі» ертегі әлемі»  тақырыбында әр елдің ертегілеріне саяхат жасалынды.

Мақсаты:  Оқушыларды әлем  халықтарының ертегілерімен таныстыру.Оқушыларды кітап оқуға шақыру


      Добын орта мектебінде  қыркүйек күні   1-4 сынып оқушыларын   әр елдің ертегілеріне саяхат жасалынды. Кітапханашы және сынып жетекшілері тарапынан оқушыларға таныстырылып, сол ертегілерді оқу ұсынылды. Бастауыш сынып оқушыларына таныстырылған ертегі кітаптардың тізімі:

Пушкиннің ертегілері:

1.Алтын Петушок

2.«Ханшайым мен жеті кейіпкерлері».

3. «Балықшы Сказка және Алтын балық».

4.«Патша Сұлтан туралы ертегі»

Ағайынды гриммердің ертегілері 

1.Белоснежка және 7 гномов».

2.«Ботқа өсіретін».

3.«Бременские музыканттар».

Ганс Христиан Андерсеннің ертегілері:

1.«Дюймовочка».

2.«Қар ханшайымы».

3.«Ханшайым мен бұршақ.»

4.«Флинт».

  Ертегі кітаптары   балаларға таныстырылғаннан кейін, оқушыларға кітапханадан алып оқу кітапханашы тарапынан ұсынылды.




                         Кітапханашы              Н.Хужаева


Тақырыбы: «Кітап асып таспайтын асыл досымыз!»
 
 

Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.
 
 

Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелеу
 
 

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Біз бүгін балалар, осы жерге не үшін жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.
 
 

Қабат - қабат қатталған,
 Асыл сөзбен апталған.
 Парағы бар сөйлейтін,
 Ол қазына өлмейтін.( Кітап)

/Оқушылар жұмбақтың жауабын шешу арқылы, тақырыпты ашады./


   Кітапханашы: Кітап - ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап - ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.
 Кітап: Мен адамның досымын. Менің атым - кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл - ауылға, қала - қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенің сенімді досыңмын!
 

 «Кім көп біледі?» Ойынын ойнайық ( мақал - мәтелдер айтылады.)
 1. Кітап - асыл қазына
 2. Оқу - білім бұлағы,
 Білім - ырыс қазығы.
 3. Қына тасқа бітеді,
 Білім басқа бітеді.
 4. Білікті бірді жығады,
 Білімді мыңды жығады.
 5. Оқу - білім бұлағы,
 Білім - өмір шырағы.
 6. Оқу түбі тоқу.
 7. Оқусыз білім жоқ,
 Білімсіз күнің жоқ.
 8. Оқу инемен құдық қазғандай.

Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
 Бөбектерім оқы, ойна,
 Оқу - білім саған пайда.
 Кітабыңның шетін жыртып,
 Сияменен бояп қойма.

«Тапқыр болсаң, шешіп көр» Ойынын ойнайық (жұмбақтар жасырылады.)
 1. Ұсынған қойнынан
 Білімнің үлесін.
 Шықпайды ойыңнан,
 Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
 2. Білімнен мол сый асы,
 Балалардың ұясы (мектеп)
 
 3. Білімнің жолбасшысы
 Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)
 4. Айғағы жоқ, айтары көп,
 Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)

Кітап туралы қызыты деректер

  Агата Кристи – әлемдегі ең атақты жазушы. Оның детективті романдары 100-ден астам тілге аударылған. Жалпы Агата 60 детективті роман, 6 психологиялық роман, 19 әңгімелер жинағы мен 16 пьесаны жарыққа шығарған. Кітаптарының жалпы тиражы 4 миллиардтан астам.

Ең қымбат кітапты француз жазушысы Жозеф Форе жазған. Оның аты – «Апокалипсис». Құны – 100 миллион франк. Ол «Париж заманауи өнер" мұражайында қойылған.

Ең ұзын кітап – «Ғажап». Оның толық ұзындығы – 1856 метр. Ол папирус қағазына жазылып, оралған. Кітаптың авторлары – Кастелло (Италия)

Әлемдегі ең атақты кітап – «Соғыс және бейбітшілік», Лев Толстой.

Қорытынды
     Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.
 
Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.
 Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.
 Кітабың сенің,құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста құрметте.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.


«Мен қай ертегіденмін?» викторниалық сұрақтар


Мақсаты:Оқушыларды  кітап оқуға насихаттау, шақыру.


Қатысушы сыныптар: 2-5 сынып оқушылары 


Барысы:

- Оқушылармен сәлемдесу.

-Байқау шарттарымен таныстыру


Кітапханашы:

    Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Ертегінің мынадай түрлері бар

Қиял — ғажайып;
 Хайуанаттар туралы;
 Шыншыл ертегі; (тұрмыс- салт ертегілер )

  1. жануарлар туралы ертегілер;
  2.  қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
  3.  хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

Сұрақтар

  1.  Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:

— Ат басындай алтын берейін, қоя бер, — дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. Қай ертегіден алынған? /Алтын сақа/


2. Бір жерге келіп: – Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы: – Бұл Қазбайдың қойы,– дейді. Шал жаңағы қойшы баладан: – Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар?– дейді. Бала шалға: – Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!»–десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім, құс!»–десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі: Қай ертегіден алынған? /Ұр тоқпақ/


3. Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады. Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді. Қай ертегіден алынған? «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»

4.Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.

  — Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек. . Қай ертегіден алынған? «Қарлығаш пен дәуіт»

Жұмбақ шешу.
 
1. Өзі жап – жас, мұрты бар,
 Ет пен сүтке ұмтылар.
 Тастамайды жылы үйді,
 Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)
 2. Қиқу салып бақырып,
 Айқайлауды тауыпты.
 Қыт-қыт дейтін шақырып,
 Кім біледі...? (Тауық)
 3. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі)
 4. Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ,
 Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
 5. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
 6. Өзі қып - қызыл болып піседі
 Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
 7. 
Итке өзі ұқсаған, Айтыңдаршы, ол қай аң? (қасқыр)

Қорытынды

Балалар, осымен  викториналық сұрақтарымыз аяқталды.Жеңімпаз оқушыны анықтау, марапаттау.